«Тобыл қаласының мектеп – гимназиясы» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында әр сәрсенбі сайын оқу күні сүйікті кітаптарды оқудан басталады. Кітап – адамзаттың баға жетпес байлығы. Ол – ғылымның қайнар көзі, білім мен мәдениеттің биік деңгейіне апаратын тәрбие құралы. Науаи ақын: «Кітап – даналығы үшін ақысын талап етпейтін алтын қазына» десе, ұлы Абай: «Білімнің көркі кітапта.Түсіну үшін кітап оқудан жалықпа» деп жазған. Осындай әдемі сөздер кітап оқу адам дамуының басты факторы екенін тағы да дәлелдейді.
Балгабаева Г.З. оқу ісі жөніндегі басшының орынбасары