Тегін тамақтану

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап әлеуметтік мәртебесіне қарамастан барлық бастауыш сынып оқушылары үшін тегін тамақтану ұйымдастырылды. Өңір бойынша тегін тамақтану құны 450 теңгені құрайды. Мектеп-гимназияда 458 бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында оқушыларды тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша келесі жұмыстар атқарылды: жалға алушы тамақ дайындауға арналған жаңа жабдықтар сатып алды, «Оқушылардың тамақтануының Бірыңғай стандарттарына» сәйкес теңдестірілген мәзір әзірленді, бастауыш сынып мұғалімдері мен асхана қызметкерінен күнделікті тамақтанушылар саны бойынша өтінім жазылатын чат құрылды. Күн сайын медицина қызметкері тағамның сапасын тексереді. Ыстық тамақты жақсы ұйымдастыру мақсатында асханада мұғалімдердің кезекшілігі жолға қойылды. Тамақтану процесін мектеп бракераж комиссиясы бақылайды. Қазан айында «Аманат» партиясының комиссиясы 1-4 сынып оқушыларының тағамдарының сапасы мен тамақтануын ұйымдастыру бойынша тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде бұзушылықтар анықталмады, тағамдардың сапасы мен алуан түрлілігі атап өтілді.
ОІ жөніндегі басшының орынбасары Г. З. Балғабаева

 

Мақаланы бағалаңыз
Достарыңызбен бөлісіңіз
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының" Қостанай ауданы білім бөлімі Тобыл қаласының мектеп-гимназиясы" КММ