Құндылық «Талап»

Жаңалықтар

Бастауыш сынып оқушылары үшін үзіліс – бұл ерекше уақыт. Кіші буын оқушылары үзілісте өте белсенді болады. Көбінесе үзілістер үлкен шу мен қатты айқаймен өтеді. Сабақта отырғаннан кейін балаларға эмоцияларын шығару үшін ерік беру маңызды. Денсаулық сақтау мақсатында үзілістерді тиімді жүргізу үшін мектеп – гимназияның өзін-өзі басқаруындағы балалар жұмылдырылды. Олар жұма сайын музыкалық үзілістер өткізеді. Барлық би қимылдары әуен аясында бір орында тұрып орындалады. Бұл білім алушылар арасындағы қақтығыстар мен жарақат алу қаупін болдырмайды. Мұндай үзілістерді ұйымдастырғанда білім алушылар эмоционалды және физикалық стресстерін шығарады. Тиісінше, олардың қозғыштығы төмендейді және үзілістің қалған бөлігін жеке істер мен келесі сабаққа дайындыққа назар аудара отырып, тыныш күйде өткізуге мүмкіндіктері пайда болады.

Мақаланы бағалаңыз
Достарыңызбен бөлісіңіз
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының" Қостанай ауданы білім бөлімі Тобыл қаласының мектеп-гимназиясы" КММ