«Оқу жұмысы»айдары

Жаңалықтар

Жазғы мектеп 2024 жылғы 27 – 31 мамыр аралығында және ағымдағы жылғы 26-30 тамыз аралығында жұмыс істейтін болады. «Тобыл қаласының мектеп – гимназиясы» КММ Жазғы мектептегі сабақтар білім алушылардың сұраныстары мен қажеттіліктерін ескере отырып, сараланған, жеке тәсілдер негізінде ұйымдастырылады. Мектеп-гимназияда Жазғы мектептің жұмыс жоспары, сабақтар мен қоңыраулар кестесі бекітілді. Бастауыш сыныптарда 30 минуттан 3-5 сабақ өткізіледі

Сабақ кестесі білім алушылардың оқу пәндері бойынша, оның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру үшін қалыптастырылған сыныптарды ескере отырып жасалды. Пәндер бойынша оқытушылар күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды қиын тақырыптар, бөлімдер және оқу мақсаттарын меңгеруді ескере отырып әзірленді. Жұмыс нысандары мен әдістері, оқыту технологиялары білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне, оқыту деңгейіне сәйкес педагогтармен дербес анықталады. Жазғы мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау жүргізілмейді. Жазғы мектеп жағдайында үй тапсырмасы берілмейді.

Оқушыларға мектеп кітапханасына, цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділік қамтамасыз етілді. Педагогтар білім алушылардың танымдық уәждемесін арттыру мақсатында қосымша ойын-сауық материалдарын, тест тапсырмаларын, шығармашылық сипаттағы дидактикалық материалды, аудиовизуалды құралдарды (графика, аудио, бейнематериалдар), презентацияларды, сараланған оқу тапсырмаларын пайдаланады. 3-4 сынып кестесіне Жазғы мектептің оқу процесінде үлгерімі төмен білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету үшін тренингтер енгізілген.
Балгабаева Г.З. оқу ісі жөніндегі басшының орынбасары

 

Мақаланы бағалаңыз
Достарыңызбен бөлісіңіз
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының" Қостанай ауданы білім бөлімі Тобыл қаласының мектеп-гимназиясы" КММ