Бастауыш сыныптарға арналған тегін тамақ

Жаңалықтар

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап әлеуметтік мәртебесіне қарамастан барлық бастауыш сынып оқушылары үшін тегін тамақтану ұйымдастырылды. Өңір бойынша тегін тамақтану құны 650 теңгені құрайды. Мектеп-гимназияда 414 бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында оқушыларды тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша келесі жұмыстар атқарылды: жалға алушы тамақ дайындауға арналған жаңа жабдықтар сатып алды, «Оқушылардың тамақтануының Бірыңғай стандарттарына» сәйкес теңдестірілген мәзір әзірленді, бастауыш сынып мұғалімдері мен асхана қызметкерінен күнделікті тамақтанушылар саны бойынша өтінім жазылатын чат құрылды. Күн сайын медицина қызметкері тағамның сапасын тексереді. Ыстық тамақты жақсы ұйымдастыру мақсатында асханада мұғалімдердің кезекшілігі жолға қойылды. Тамақтану процесін мектептің бракераж комиссиясы бақылайды.
ОІ жөніндегі басшының орынбасары Г. З. Балғабаева

Мақаланы бағалаңыз
Достарыңызбен бөлісіңіз
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының" Қостанай ауданы білім бөлімі Тобыл қаласының мектеп-гимназиясы" КММ