Бала құқықтары-адам құқықтары

Жаңалықтар

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» республикалық онкүндігі аясында Тобыл қ. мектеп-гимназиясында көп балалы аналармен, қамқоршылармен, мектептің ата-аналар қоғамының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.

Іс – шара «Бақытты ана – бақытты бала – бақытты отбасы-бақытты ел»тақырыбында дөңгелек үстел түрінде өтті. Аталған кездесуге Қостанай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы С.Ш. Қасымова, ОМПС МБББ аға учаскелік полиция инспекторы А. К. Едрисова қатысты. Сұрақ-жауап түрінде диалог жүргізілді, ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарға ақпарат алды. Кездесу мейірімді атмосферада өтті.

Әлеуметтік педагог Байсақалова А. Ж.

Мақаланы бағалаңыз
Достарыңызбен бөлісіңіз
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының" Қостанай ауданы білім бөлімі Тобыл қаласының мектеп-гимназиясы" КММ